Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 9/113-VII · қабылданған 11.11.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2020-no-49466-vi-ekb-160278/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 9/113-VII ·11.11.2021
28.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 9/113-VII · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/113-VII
Қабылданған күні
11.11.2021
Көрсетілген редакция
28.08.2024 160278_740460.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VJ025200
ЭКБ идентификаторы
160278
Редакция идентификаторы
160278_740460
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:01

0 Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Жарма аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

Жарма аудандық мәслихатының
2021 жылғы 11 қарашадағы
№ 9/113-VII шешіміне
қосымша
Жарма аудандық мәслихатының
2020 жылғы 10 қыркүйегі
№ 49/466-VI шешіміне
қосымша
Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жарма ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жарма аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

3

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

5

5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

6

6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

7

7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9 9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Қолданыстағы