О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жарминском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 сентября 2020 года № 49/466-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жарминском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/49-VIII
- Қабылданған күні
- 10.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2024 183994_740458.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FH009818
- ЭКБ идентификаторы
- 183994
- Редакция идентификаторы
- 183994_740458
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:58
0 Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданында тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 49/466-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7559 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жарма ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Жарма ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».