«О внесении изменений в решение Ордабасинского районного маслихата от 10 марта 2020 года № 58/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в решение Ордабасинского районного маслихата от 10 марта 2020 года № 58/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/2
- Қабылданған күні
- 29.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 155856_662381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UH006203
- ЭКБ идентификаторы
- 155856
- Редакция идентификаторы
- 155856_662381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:20
0 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы» Ордабасы ауданының мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы №58/2 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5520 болып тіркелген, 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
7-тармақтың 4 тармақшасындағы 2 абзацтағы «біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сан мен сөз «біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақтың 4 тармақшаның 3 абзацтағы «біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сан мен сөз «біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
15 тармақтың 2 тармақшасы, Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер ұсыну туралы 1- қосымшасы алынып тасталсын.
17 тармақта Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.