О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 10 сентября 2021 года 158 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 10 сентября 2021 года 158 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 05.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2024 198568_709502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034713
- ЭКБ идентификаторы
- 198568
- Редакция идентификаторы
- 198568_709502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:40
0 «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік наградалармен және мерекелік медальдармен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінен, ведомстволық наградалармен наградтау туралы өзге де актілерден үзінді көшірмелер, сондай-ақ грамоталар мен алғыстардың көшірмелері (бар болған жағдайда);»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) әскери билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда);»;
мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) қызметші еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері және дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер (бар болған жағдайда);
15) жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер;
16) жеке істі қалыптастыру немесе жаңарту сәтінде жарамды Qazaq resmi test/Qaztest және (немесе) шет тілін меңгеру деңгейі туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
17) кәсіби қызметпен байланысты жеке жетістіктер туралы деректер;
18) қызметшінің ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы әлеуметтік-қоғамдық қызметі және қабілеттері туралы деректер.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Осы тізбенің 1-тармағы 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген деректер тек қана «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде оларды қағаз түрінде сақтамай жүргізіледі.
4. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшінің жеке ісін сапалы жүргізуді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал аппарат басшысы лауазымы жоқ мемлекеттік органдарда – мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адамға жүктеледі.».