О внесении изменения в решение Щербактинского районного маслихата от 10 марта 2021 года № 10/3 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Щербактинского районного маслихата от 10 марта 2021 года № 10/3 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы» № 10/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193/65
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 229994_841081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PM19365M
- ЭКБ идентификаторы
- 229994
- Редакция идентификаторы
- 229994_841081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:31
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы» № 10/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 10/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген «Шарбақты ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4 «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме туралы Ереже
Шарбақты
аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 193/65 шешіміне
қосымша
Шарбақты аудандық
мәслихаттың 2021 жылғы
10 наурыздағы № 10/3
шешіміне қосымша
«Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекеме туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Шарбақты аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Шарбақты аудандық мәслихаты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49 ғимарат.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) аудандық мәслихаттың қызметін сессияларда, тұрақты комиссиялар, өзге де органдар және депутаттар арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттік кірістерді қысқартуды немесе жергілікті бюджеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
3) депутаттарды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеуші функциялармен қамтамасыз ету;
4) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) өкілеттіктер шеңберінде «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;
6) «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде трансляциялауды қамтамасыз ету;
7) депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
1.1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдардан аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша ақпарат сұратуға;
1.2) аудандық мәслихат сессиясының, тұрақты (уақытша) комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
1.3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, жауаптар, хабарламалар, шағымдар жіберуге;
1.4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2) міндеттері:
2-1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеуге;
2-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға міндетті;
2-3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпымемлекеттік стандарттарды ұстануға міндетті;
2-4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
15. Функциялары:
1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру; 4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, сондай-ақ мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды ұйымдастыру;
6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау және талдау, мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8) аппарат қызметкерлерін қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді ұйымдастыру;
9) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
11) мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
12) мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялар отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету;
13) петицияларды қарау мониторингін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) қажет болған жағдайда азаматтарға өтініштер беру мәселелері бойынша электрондық және (немесе) қағаз түрінде консультациялық көмек көрсету;
15) аппарат қызметін кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
16) іс жүргізуді, құжат айналымын және құжаттарды мұрағаттық сақтауды жүргізу;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Аппаратқа басшылықты, аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мүлік мәслихат аппараты өзіне меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.