О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 10 июня 2021 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 10 июня 2021 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 4 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 19.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2021 160588_580763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VKH25343
- ЭКБ идентификаторы
- 160588
- Редакция идентификаторы
- 160588_580763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:46
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы
Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы
10 маусымдағы № 4 шешімнің күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 қарашадағы № 857 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1
1. Мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қаратал ауылдық округінің Қаратал ауылының Қ.Омаров көшесінің 39, 43, 46, 55, 74, 82, 84 аулаларына, Б.Рапиев көшесінің 6, 10, 12, 15, 16, 17, 27, 37, 37/2 аулаларына, К.Рамазанов көшесінің 18, 28, 44, 45 аулаларына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.