О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 10 сентября 2021 года № 7ВС-11-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаксынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 10 сентября 2021 года № 7ВС-11-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаксынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8С-8-1
- Қабылданған күні
- 29.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 185953_714429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BM861703
- ЭКБ идентификаторы
- 185953
- Редакция идентификаторы
- 185953_714429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:04
0 Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24537 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінуге құқылы.».