О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 10 декабря 2021 года № 9/56 «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селах и сельских округах Тупкараганского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 10 декабря 2021 года № 9/56 «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селах и сельских округах Тупкараганского района»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/56 «Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/37
- Қабылданған күні
- 26.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2023 184607_645570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MF458812
- ЭКБ идентификаторы
- 184607
- Редакция идентификаторы
- 184607_645570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:43
0
Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №9/56 «Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №9/56 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25893 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге қосымшада:
орыс тіліндегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1 - тарау. Жалпы ережелер»;
орыс тіліндегі 2 тармақ жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2 - тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2 - тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері».