Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 августа 2022 года № ҚР ДСМ-78 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к детским оздоровительным и санаторным объектам»

Бұйрық · № 34 · қабылданған 11.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2022-no-78/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 августа 2022 года № ҚР ДСМ-78 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к детским оздоровительным и санаторным объектам» Қолданыста Бұйрық ·№ 34 ·11.04.2025
11.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 августа 2022 года № ҚР ДСМ-78 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к детским оздоровительным и санаторным объектам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 34 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 августа 2022 года № ҚР ДСМ-78 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к детским оздоровительным и санаторным объектам»
Атауы (қаз.)
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
11.04.2025
Көрсетілген редакция
11.04.2025 209155_753768.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035978
ЭКБ идентификаторы
209155
Редакция идентификаторы
209155_753768
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:05

0 «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Объектілердің аумағында зақымдалмаған қоршау көзделеді.
Объектілер учаскесіне кіру жолдары мен кіреберістер, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, сырғанауды болдырмайтын, тазалауға, жинауға қолжетімді және ыңғайлы жабынымен көзделеді.
Балаларды жыл бойы сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-84 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша объектіні пайдалануға беру басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бір рет алады, балаларды маусымдық сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы