О внесении изменения в решение маслихата от 10 января 2023 года № 181 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Костанайского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 10 января 2023 года № 181 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Костанайского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 I230035_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NA00268M
- ЭКБ идентификаторы
- 230035
- Редакция идентификаторы
- I230035_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:32
0 «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Мәслихаттың
2026 жылғы «9» қыркүйектегі
№ 268 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2023 жылғы «10» қаңтардағы
№ 181 шешімімен
бекітілді
«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қостанай қалалық мәслихатын және депутаттарға олардың өкілеттілігін жүзеге асыруда көмек көрсететін оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, 208 кабинет.
10. Осы ереже Мәслихат аппараты құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Мәслихат аппаратына заңменмен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мәслихат аппаратының міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, сессиялық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету негізгі міндет болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқығы:
өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет жасауға;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
2) міндетті:
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.
15. Функциялары
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес Мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде Мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
депутаттардың, мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының ұсыныстары негізінде мәслихат жұмысының перспективалық жоспарларын жасау, оның қызметі туралы есептерді дайындау;
сессияларда қаралатын мәселелерді мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастыру, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету, мәслихат және оның органдары сессияларының хаттамаларын жүргізу;
мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;
мәслихат пен оның органдарының отырыстарында депутаттар айтқан сын ескертпелер мен ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастыру, тұрақты комиссиялармен бірлесіп олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру;
әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар дайындауға қатысу;
депутаттар мен Аппарат қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыру, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тәжірибеге енгізу;
өз құзыреті шегінде мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратына басшылықты Мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.
19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе мәслихат аппаратының лауазымды адамы басқарады.
4. Мәслихат аппаратының мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.