О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 19 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан», республиканского государственного учреждения «Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 19 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан», республиканского государственного учреждения «Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан» и его территориальных органов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 29.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2025 208781_751963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25IK000099
- ЭКБ идентификаторы
- 208781
- Редакция идентификаторы
- 208781_751963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:21
0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15 - тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша алып тасталсын;
106) тармақша алып тасталсын;
115) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«126-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін және нысанын айқындау;
126-2) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыру;»;
127) тармақша алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15 - тармақ:
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«29-1) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін әзірлеу;».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;