О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Семей от 10 июля 2023 года № 529 «Об утверждении Программы реновации жилищного фонда города Семей на 2023-2025 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Семей от 10 июля 2023 года № 529 «Об утверждении Программы реновации жилищного фонда города Семей на 2023-2025 годы»
- Атауы (қаз.)
- «Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023–2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 689
- Қабылданған күні
- 13.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2024 200056_717013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24FA00689A
- ЭКБ идентификаторы
- 200056
- Редакция идентификаторы
- 200056_717013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:07
0 «Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 - 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»;
2 2) осы қаулының қосымшасына сәйкес «Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023 – 2025 жылдарға арналған бағдарлама» 1-бөлімінің 1, 4, 6 - тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Семей қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 13тамыз
№ 689 қаулысымен
бекітілген
1 1. 1-бөлімде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Семей қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы» (бұдан әрі – Реновациялау бағдарламасы) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес әзірленді;
4 - тармақтағы «2025 жылға дейінгі мерзімге» деген цифрлар «2029 жылға дейінгі мерзімге» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6 - тармақтағы «Жергілікті атқарушы орган Реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады» деген сөздерден кейiн келеcі мазмұнмен толықтырылсын:
«Авариялық (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен (бюджет қаражаты болған жағдайда) жүргізілетін болады».