О внесении изменения в постановление акимата города Семей от 10 ноября 2023 года № 914 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Семей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Семей от 10 ноября 2023 года № 914 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Семей»
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 965
- Қабылданған күні
- 22.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2024 202073_725601.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24F0035718
- ЭКБ идентификаторы
- 202073
- Редакция идентификаторы
- 202073_725601
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:06
0 Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 914 «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168-18 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;