О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 10 апреля 2024 года № 108 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мартукском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 10 апреля 2024 года № 108 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мартукском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 10.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2025 214250_774265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CH036820
- ЭКБ идентификаторы
- 214250
- Редакция идентификаторы
- 214250_774265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:23
0 Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 108 «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8572-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
4 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.»;
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».