О внесении изменений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 10 октября 2024 года № 179 «Об утверждении Правил подачи заявления о включении в список лиц, ограниченных в участии в азартных играх и (или) пари, а также ведения списка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 10 октября 2024 года № 179 «Об утверждении Правил подачи заявления о включении в список лиц, ограниченных в участии в азартных играх и (или) пари, а также ведения списка»
- Атауы (қаз.)
- «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 03.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2025 206919_742801.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035700
- ЭКБ идентификаторы
- 206919
- Редакция идентификаторы
- 206919_742801
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:14
0 «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35243 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеудің қолданылу мерзімі өткенге дейін шектеуді алты айдан кем емес және он жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішті алдыңғы өтініштерді ескере отырып бере алады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсету;
2) ұсынылған өтініштің осы Қағидалармен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі немесе өтініштің болмауы;
3) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жақын туысы, отбасы мүшесі өтініш берген кезде азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімінің көшірмесінің болмауы;
4) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу мерзімі көрсетілмеген;
5) жақын туыстары, отбасы мүшелері болып табылмайтын үшінші тұлғалар өтініш берген жағдайда.
Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган өтініш берушіні құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама өтініш берушінің өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген негіздер жойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу туралы;
2) дәлелді жауапты бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден бас тарту туралы.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілген тұлға, азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуді жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органмен тізімнен шығарылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімге енгізу туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 3 ақпандағы
№ 16 бұйрығына 1-қосымша
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
Ойын бизнесін және лотереяны
реттеу комитетіне
БСН 241040019120
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімге енгізу туралы өтініш
Мен, __________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ ______________, берген орган ________________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ___________________ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 15-1-бабының негізінде мені құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге
қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне ______________________ мерзімге қосуды
(6 айдан 10 жылға дейін)
сұраймын.
Шектеу мерзімі кезеңінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, сондай-ақ менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға
деректерді беруге өз келісімімді беремін.
Күні _____________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) _____________________
Қолтаңба _____________________
2 Жақын туысын, отбасы мүшесін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 3 ақпандағы
№ 16 бұйрығына 2-қосымша
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
Ойын бизнесін және лотереяны
реттеу комитетіне
БСН 241040019120
Жақын туысын, отбасы мүшесін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы өтініш
Мен, _______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ ______________, берген орган ________________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ______________________,
азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы 20 ____ жылғы «___» ____________
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, менің жақын туысым, отбасы мүшесі
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ _______________, берген орган _______________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ________________________, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге
қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне _____________________ мерзімге қосуды
(6 айдан 10 жылға дейін)
сұраймын.
Шектеу мерзімі кезеңінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, сондай-ақ менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға
деректерді беруге өз келісімімді беремін.
Қосымша: сот шешімінің көшірмесі
Күні _____________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________________
Қолтаңба _____________________