О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Кособинского сельского округа от 10 февраля 2025 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории КХ «Кузьминых А.С.» села Славенка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Кособинского сельского округа от 10 февраля 2025 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории КХ «Кузьминых А.С.» села Славенка»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қособа ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 3 «Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 02.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2025 211967_764293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NLP0005B
- ЭКБ идентификаторы
- 211967
- Редакция идентификаторы
- 211967_764293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:33
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қособа ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 3 «Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 01-20/240 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1 1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Қособа ауылдық округі әкімінің «Славен ауылының «Кузьминых А.С.» ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2025 жылғы 10 ақпандағы № 3 шешімі күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықытық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қарабалық аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ басшысы
__________________ М. Балмагамбетова
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария
басқармасының «Қарабалық ауданының
Ветеринариялық станциясы» КМК
басшысының м. а.
_______________________ У. Тумурзин
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық - эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай облысының
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау департаменті Қарабалық
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ басшысы
_______________________ С. Каратаев