О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 января 2025 года № 4-н/қ «Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 января 2025 года № 4-н/қ «Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом»
- Атауы (қаз.)
- «Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350-н/қ
- Қабылданған күні
- 15.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2025 214314_774745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036855
- ЭКБ идентификаторы
- 214314
- Редакция идентификаторы
- 214314_774745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:17
0 «Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жылу өндіруші және жылуды тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 4-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35637 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі