Құжат мәтініне өту

Об определении (установлении) границ охранных зон электрической сети ВЛ-10 кВ, линейной части магистрального нефтепровода «Кенкияк-Кумколь» и режима использования земель в них

Қаулы · № 152 · қабылданған 30.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-ekb-139290/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении (установлении) границ охранных зон электрической сети ВЛ-10 кВ, линейной части магистрального нефтепровода «Кенкияк-Кумколь» и режима использования земель в них Қолданыста Қаулы ·№ 152 ·30.01.2020
30.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении (установлении) границ охранных зон электрической сети ВЛ-10 кВ, линейной части магистрального нефтепровода «Кенкияк-Кумколь» и режима использования земель в них

Қолданыста Қаулы ·№ 152 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении (установлении) границ охранных зон электрической сети ВЛ-10 кВ, линейной части магистрального нефтепровода «Кенкияк-Кумколь» и режима использования земель в них
Атауы (қаз.)
«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекараларын және олардағы жерлерді пайдалану режимін айқындау (белгілеу) туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
152
Қабылданған күні
30.01.2020
Көрсетілген редакция
30.01.2020 139290_441912.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20L0007228
ЭКБ идентификаторы
139290
Редакция идентификаторы
139290_441912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:11

0 «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі,

ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекараларын және олардағы жерлерді пайдалану режимін айқындау (белгілеу) туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-тармағына, «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы
22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1, 5-тармақтарына, «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15943 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Айқындалсын (белгіленсін):

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекаралары;

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі.

2 2. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қызылорда облысының әкімі

2020 жылғы 30 қаңтары
№ 152 қаулысына 1-қосымша
«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекаралары

Аудан атауы
Жерлер санаты
Күзет
аймақтарының
шекараларының көлемі, гектар
Құбыр мен электр желісі
осінің екі жағынан орнатылатын күзет аймақтарының
өлшемі, метр
1
2
3
4
5
1
Арал
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
112,0826
25
2
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерлерi
221,2755
50
3
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
204,1586
50
4
босалқы жерлер
781,4316
50
Жинағы:
-
1318,9483
-
5
Қазалы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
24,3705
25
6
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
116,858
50
7
орман қорының жерлерi
70,8564
50
8
босалқы жерлер
539,3343
50
Жинағы:
-
751,4192
-
9
Қармақшы
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
85,5341
50
10
босалқы жерлер
440,5775
50
Жинағы:
-
526,1116
-
11
Жалағаш
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
105,7103
25
12
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
110,0412
50
13
босалқы жерлер
403,1209
50
Жинағы:
-
618,8724
-
14
Сырдария
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер
75,4175
50
15
босалқы жерлер
182,3116
50
Жинағы:
-
257,7291
-
Барлығы:
-
3473,0806
-

8 Қызылорда облысының әкімі

2020 жылғы 30 қаңтары
№ 152 қаулысына 2-қосымша
«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі

Күзет аймағының атауы
Күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі
1
2
3
1
«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі
«Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі мен ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
2
ВЛ-10 кВ электр желісі

Қолданыстағы