Қолданыстағы ред. 08.07.2005 (Редакция 25221_348381.kaz)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізу туралы от 08.07.2005 г. № 902 (Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізу туралы)

0

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» ашық конкурсын өткізуге байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31 және 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» қалалық ашық конкурсының өткізу Қағидасы бекітілсін (қосымша 1).

2

2. «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» калалык ашык конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін
(қосымша 2).

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.

4

Қала әкімдігінің 2005 жылғы
«8» шілдедегі № 902
қаулысына 1 ҚОСЫМШАСЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне
«Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» атты ашық конкурсының өткізу ҚАҒИДАСЫ
Ақтөбе қаласы әкімдігі және «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау құрметіне «Қаланы безендіру бойынша ең үздік дизайн - жоба» атты ашық байқау жариялайды.
Байқау 2005 жылдың 8 мен 30 - ші шілде аралығында өтеді.

1. 1. Байқаудың мақсаты және міндеті

1. Байқаудың мақсаты және міндеті

1

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерекесіне орай қаламызды көріктендіру;

2

2) Қаламыздағы ең үздік безендіру дизайн - жобасын таңдау;

3

3) Фасад, ландшафт және төбелерді ерекше безендіретін жобаларды іздеу;

2. 2. Байкаудың шарты

2. Байкаудың шарты
Байқауға сәулет өнері бірлестігі, дизайн - студиялары, көркемдік шеберханалар, безендірумен шүғылданатын барлық заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Безендіру жобасын жасау үшін томендеғі объектілер белгіленді:

1

1) Облыстық әкімшілік алаңы;

2

2) 11 мөлтек ауданындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасы мен кіре беріс алаңы.
Байқау қарастырады:

1

1) Мерекелік иллюминациялық жарықтармен безендіру;

2

2) Тақырыпқа сай стильдік құрастыру элементтері;

3

3) Халықтық шеру өткізетін орындар мен фасадтарды безендіру;

4

4) Жалаушалар мен қосымша элементтерді пайдалана отырып, ландшафтық безендіру;

5

5) Безендірілетін орынға сәйкес дизайн-жобасын құру;

6

6) Шығармашылық ой қабілеті арқылы ерекше әшекейлеу;
Дизайн-жобаларды іріктеуде ерекше мән берілетін басты критерийлері:

1

1) көркемдік жоғары дәрежесі;

2

2) эстетикалык айқындығы;

3

3) көркемдік тұтастығы, бүтін мәнділігі.

3. 3. Байқауға ұсынылатын конкурстық жобалардың кұрылымына қойылатын талаптар

3. Байқауға ұсынылатын конкурстық жобалардың кұрылымына қойылатын талаптар
Байқауға ұсынылатын конкурстык жобалардың құрылымында:

1

1) Ситуациялық үлгі М 1 : 2000;

2

2) Бас жоспар М 1 : 500;

3

3) Пішімі М 1 : 500;

4

4) Нобай (эскиз), пішім әр түрлі мәліметтерде болуы мүмкін;

5

5) Безендіру жобасының басты идеясы мен қағидасын қысқаша түсіндірме ретінде екі данада тапсыру қажет;

6

6) Жобаның сметалық құжаты;

4. 4. Жеңімпаздарды марапаттау

4. Жеңімпаздарды марапаттау
Дизайн - жобаның жеңімпаздары комиссияның шешімімен анықталып, жүлделі орындармен марапатталады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 1 - ші, 2 - ші, 3 – ші дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
Байқауға қатысуға тілек білдірушілер арыздарын конвертке салып «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - не тапсыруы қажет.
Біздің мекен - жайымыз: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 56, 13 каб. Анықтама телефоны: 567159, 567301.

29. Комиссия мүшелері:

Қала әкімдігінің 2005 жылғы
«8» шілдедегі № 902
қаулысына 2 ҚОСЫМШАСЫ
Байқаудың жеңімпаздарын анықтайтын комиссия құрамы
Қалдығұлова Сәния Мұсақызы - Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрайымы
Комиссия мүшелері:
Егінбаев Болат Сәукеұлы - Ақтөбе облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс Департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Әжғалиев Әбубәкір Ғұсманұлы - «Актюбгражданпроект» ӨК төрағасы (келісім бойынша)
Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы - «Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы
Қорғанбаева Маржан Нағашбекқызы - «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы
Омаров Ерхан Болатжанұлы - «Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы
Войналович Сергей Анатольевич - «Ақтөбеқаласервис» КМК директоры
Кенбай Жәдігер - Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша суретшілер
Одағының төрағасы (келісімі бойынша)
Орынбасаров Айбек - Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының бас суретшісі. (келісімі бойынша)