Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня местностей, служба в которых дает военнослужащим право на предоставление к ежегодному основному отпуску дополнительно 10 суток отпуска
- Атауы (қаз.)
- Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 11.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2024 93889_696840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012062
- ЭКБ идентификаторы
- 93889
- Редакция идентификаторы
- 93889_696840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:39
0 Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
4 4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
____________А. Дауылбаев
2015 жылғы 14 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ________________Н. Әбіқаев
2015 жылғы 27 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-майор
___________А. Күреңбеков
2015 жылғы 11 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрі
полиция генерал-полковнигі
_______________Қ. Қасымов
2015 жылғы 23 маусым
0 Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы «11» маусымдағы
№ 333 бұйрығымен
бекітілген
Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі
1 1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.
1-1 1-1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында.
2 2. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;
3
3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.
4 4. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында;
5
5. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Марқакөл, Үлкен Нарын, Тарбағатай аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында.
6 6. Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;
6-1 6-1. Жетісу облысында – Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында.
7 7. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;
8 8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарында, Балқаш, Приозерск қалаларында.
9 9. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;
10 10. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында;
11 11. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында;
12 12. Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында;
13 13. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;
14 14. Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.
15 15. Ұлытау облысында – Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында, Жезқазған, Қаражал қалаларында.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.