Об утверждении норматива субсидий, а также критериев и требований по направлению субсидирования возмещения до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий, а также критериев и требований по направлению субсидирования возмещения до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах
- Атауы (қаз.)
- Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативін, сондай-ақ өлшемдері мен талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 242
- Қабылданған күні
- 23.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2017 103270_174324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006448
- ЭКБ идентификаторы
- 103270
- Редакция идентификаторы
- 103270_174324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:03
0 Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативін, сондай-ақ өлшемдері мен талаптарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативі, сондай-ақ өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
2
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 314 «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5848 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Қостанай таңы» газетінде жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Әкімдіктің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 242 қаулысымен
бекітілген
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативі, сондай-ақ өлшемдері мен талаптары
1 1. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидия нормативі – бір ұрықтандырылған аналық бас үшін 4673 теңге.
2 2. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша өлшемдері мен талаптары:
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде техник-осеменатор, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымдық орталық ретінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың (жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі өнім берушілердің) бар болуы.