Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота и овец в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок

Қаулы · № 265 · қабылданған 14.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/100-ekb-105614/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота и овец в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок Күшін жойған Қаулы ·№ 265 ·14.07.2016
22.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота и овец в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок

Күшін жойған Қаулы ·№ 265 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота и овец в крестьянских (фермерских), личных подсобных хозяйствах и производственных кооперативах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок
Атауы (қаз.)
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
265
Қабылданған күні
14.07.2016
Көрсетілген редакция
22.09.2017 105614_237865.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16S0003861
ЭКБ идентификаторы
105614
Редакция идентификаторы
105614_237865
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:23

0

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар бекітілсін:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері;

2 2) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге;

осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.

2

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 222 қаулысының (2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3302 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашалығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жуктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы «14» шілдедегі
№ 265 қаулысына
1-қосымша
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 200

8 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы «14» шілдедегі
№ 265 қаулысына
2-қосымша
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Етті мал шаруашылығы
бас
100 000
Сүтті мал шаруашылығы
бас
100 000

9 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы «14» шілдедегі
№ 265 қаулысына
3-қосымша
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұрықтандырушы- техниктердің болуы.
2. Қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуы.

10 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы «14» шілдедегі
№ 265 қаулысына
4-қосымша
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Етті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.
2
Сүтті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.

Қолданыстағы