Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача разрешения на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт"

Бұйрық · № 331 · қабылданған 21.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/100-ekb-68019/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача разрешения на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт" Күшін жойған Бұйрық ·№ 331 ·21.09.2012
02.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача разрешения на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 331 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача разрешения на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт"
Атауы (қаз.)
"Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
331
Қабылданған күні
21.09.2012
Көрсетілген редакция
02.06.2014 AI68019_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007972
ЭКБ идентификаторы
68019
Редакция идентификаторы
AI68019_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:18

0 "Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (Тұрлубек А.А.):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.

4 «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 331 бұйрығымен бекітілген
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департамент) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне басқа органдардың қатысуы көзделмеген.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысымен бекітілген «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1 1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

7

7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету және тапсырылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz және Департаменттердің интернет-ресурстарына орналастырылған.

9 9. Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде департамент өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді;

2 2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан артық емес;

3 3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан артық емес.

10 10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар тізбесін тапсырады.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін Департаментке барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға:

1 1) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрін;

2 2) қосымша берілген құжаттардың атаулары мен саны;

3 3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);

4 4) мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алған күні мен орнын;

5 5) құжаттар рәсімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) құжаттар қабылданған күні, мемлекеттік қызметті алушы тапсырған барлық құжаттардың сканерленген көшірмелері бекітіле отырып, Департаменттің Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің деректер базасында, сондай-ақ жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі;

2 2) тіркелген құжаттар қарар салу үшін және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаны айқындау үшін Департамент басшылығына беріледі;

3 3) Департамент директорының қарары бар құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғаға жіберіледі;

4 4) жауапты тұлға:

ұсынылған құжаттарды қарайды;
рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетілген, дәлелді жауапты рәсімдейді;

5 5) рәсімделген рұқсаттамаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауапқа Департамент директоры қол қойып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты тұлғаға беріледі;

6 6) рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап тіркеледі, мемлекеттік қызмет алушыға почта байланысы арқылы (жіберіледі) немесе қолма қол беріледі.

14 14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) Департамент директоры;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты тұлға;

3 3) құжат айналымы үшін жауапты тұлға.

16 16. ҚФБ-ның кезектілігінің сипаттамасы мен әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдердің) тәртібі мен өзара әрекеттесуі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

17 1 кесте. ҚФБ-ның әрекеттерінің сипаттамасы

17. ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты
100 кВт-тан жоғары электрлік
қондырғыларды электр желілеріне қосуына
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша
1 кесте. ҚФБ-ның әрекеттерінің сипаттамасы
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
ҚФБ-ның ата­уы
Құ­жат ай­на­лы­мы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Де­пар­та­мент ди­рек­то­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға
Де­пар­та­мент ди­рек­то­ры
Құ­жат ай­на­лы­мы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Құ­жат ай­на­лы­мы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу. Құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат­ты бе­ру. Құ­жат­тар­ды Де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­на бе­ру
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, қа­рар са­лу, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ны бел­гі­леу
Құ­жат­тар­ды қа­рай­ды; рұқ­сат бе­ру­ді неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­ты рә­сім­дей­ді.
Рұқ­сат бе­ру­ді неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­ты ке­лі­сті­ре­ді.
Рұқ­сат бе­ру­ге неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­қа қол қою
Рұқ­сат бе­ру­ді неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­ты тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ру
Поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы (жі­бе­ру) неме­се қол­ма қол бе­ру
Орын­дау мер­зім­де­рі
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
9 жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
Ке­ле­сі әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
2
3
4
5
6
7
2-кесте. Пайдалану нұсқалары
Негізгі үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім бекітілген жағдайда
ҚФБ-ның ата­уы
Іс-қи­мыл №
Құ­жат ай­на­лы­мы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Де­пар­та­мент ди­рек­то­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға
1
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат­ты бе­ру (бір күн ішін­де)
2
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ны ай­қын­дау (бір күн ішін­де)
3
Қа­рар са­лу, орын­да­у­ға бе­ру (бір күн ішін­де)
4
Құ­жат­тар­ды қа­рау, рұқ­сат бе­ру­ді рә­сім­деу (9 жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей)
5
Рұқ­сат бе­ру­ге қол қою (бір күн ішін­де)
6
Рұқ­сат бе­ру­ді поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы (жі­бе­ре­ді) неме­се қол­ма қол бе­ре­ді (бір күн ішін­де)
3-кесте. Пайдалану нұсқалары
Баламалы үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімді бекіткен жағдайда
ҚФБ-ның ата­уы
Іс-қи­мыл №
Құ­жат ай­на­лы­мы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Де­пар­та­мент ди­рек­то­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға
1
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат бе­ру (бір күн ішін­де)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ны ай­қын­дау, құ­жат­та­ры­мен та­ны­су, (бір күн ішін­де)
3
Қа­рар жа­зу, орын­да­у­ға бе­ру (бір күн ішін­де)
4
Құ­жат­тар­ды қа­рау. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­ты рә­сім­деу (9 жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­қа қол қою (бір күн ішін­де)
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы се­беп­те­рі көр­се­ті­ліп, дәлел­ді жа­у­ап­ты поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы (жі­бе­ру) неме­се қол­ма қол бе­ру (бір күн ішін­де)
«Тұтынушылардың белгіленген қуаты
100 кВт-тан жоғары электрлік
қондырғыларды электр желілеріне қосуына
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Қолданыстағы