Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критерий и требований к поставщикам услуг по искусственному осеменению

Қаулы · № 216 · қабылданған 25.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/100-ekb-81778/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критерий и требований к поставщикам услуг по искусственному осеменению Күшін жойған Қаулы ·№ 216 ·25.06.2014
09.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критерий и требований к поставщикам услуг по искусственному осеменению

Күшін жойған Қаулы ·№ 216 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100 % затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критерий и требований к поставщикам услуг по искусственному осеменению
Атауы (қаз.)
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, сондай-ақ қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216
Қабылданған күні
25.06.2014
Көрсетілген редакция
09.04.2015 81778_160003.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14S0002893
ЭКБ идентификаторы
81778
Редакция идентификаторы
81778_160003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:19

0 Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, сондай-ақ қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді

жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар бекітілсін:

1-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
2-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

4 Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 216 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 200

5 Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 216 қаулысына
2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с №
Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде табынның өсімін молайту жөніндегі қызметті көрсету бойынша техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның болуы.

2 2. Қолдан ұрықтандыруға арналған қажетті құралдардың болуы:

1 1) ауыл шаруашылығы малдарының ұрығын сұйық азотта ұзақ мерзімде сақтауға арналған Дьюар ыдысы;

2 2) пайетті ыдыстан шығару үшін пайдаланылатын пинцет;

3 3) пайеттердегі ұрықты жібітуге арналған пайеттер жібіткіші;

4 4) пайеттерді сүртуге пайдаланылатын майлықтар;

5 5) пайеттер немесе қайшыларға арналған кескіш, олармен пайеттердің ұшы кесіледі;

6 6) ұрықты пайетке құюға және ұрықты жатырдың қуысына енгізуге арналған шприц-катетер;

7 7) сиырдың жыныстық жүйесін металл шприц-катетермен шырышты қабығын жарақаттаудан қорғау үшін пайдаланылатын қаптар;

8 8) малды ұрықтандырған кезде гигиеналық қорғағыш құрал ретінде бір рет пайдаланылатын қолғаптар;

9 9) бір рет пайдаланылатын қолғаптарды майлауға арналған гель-май.

Қолданыстағы