Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий на возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам
- Атауы (қаз.)
- Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100% -ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 29.01.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2019 86722_424984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002527
- ЭКБ идентификаторы
- 86722
- Редакция идентификаторы
- 86722_424984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:52
0 Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100% -ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100% -ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ жеткізушіге
қойылатын өлшемдермен талаптарды бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 56 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2149 болып тіркелген, 2014 жылғы 15сәуірде «Ақ жол» № 50 және 2014 жылғы 15 сәуірде «Знамя труда» № 40 облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Әдірайымовқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________А.С.Мамытбеков
«___»__________2015 жыл
1 Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативі
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Ірі қара мал шаруашылығы
1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу
бас
2 801,82
2 Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруға жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
№
Субсидиялау бағыттары
Өлшемдер мен талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылық-тардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу
1. Ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыруға қажетті құрал жабдықтардың болуы;
2. Азот және бұқа ұрықтарын таситын арнайы
техниканың болуы;
3. Арнайы жануарларды қолдан ұрықтандырушы маманның болуы;
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шартының болуы;
5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;
6. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісінің болуы;
7. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шартының болуы.