Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов субсидий, а также критериев и требований по направлениям субсидирования возмещение до 100% затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, удешевление затрат по заготовке и приобретению грубых, сочных, концентрированных кормов и кормовых добавок
- Атауы (қаз.)
- Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2016 91686_Some(106375).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15S0003302
- ЭКБ идентификаторы
- 91686
- Редакция идентификаторы
- 91686_Some(106375)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:20
0
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
2) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге;
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «29» маусым
6 Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 222 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 200
7 Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 222 қаулысына
2-қосымша
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Етті мал шаруашылығы
бас
100 000
Сүтті мал шаруашылығы
бас
100 000
8 Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 222 қаулысына
3-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с
№
Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұрықтандырушы-техниктердің болуы.
2. Қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуы.
9 Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 29 қаулысына
4-қосымша
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату бағыты бойынша субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с
№
Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Етті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.
2
Сүтті мал шаруашылығы
Кемінде 300 бас сиырдың болуы.