О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 "Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 "Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 995
- Қабылданған күні
- 29.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2015 AI86935_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1500000995
- ЭКБ идентификаторы
- 86935
- Редакция идентификаторы
- AI86935_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:51
0 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) электрондық сайлау жүйесін сүйемелдеу, сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алады;»;
мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».