Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 «Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан»

Жарлық · № 109 · қабылданған 23.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-1996-no-3205/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 «Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 109 ·23.01.2023
23.01.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 «Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 109 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 «Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
109
Қабылданған күні
23.01.2023
Көрсетілген редакция
23.01.2023 178230_619506.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000109
ЭКБ идентификаторы
178230
Редакция идентификаторы
178230_619506
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:34

0 «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
«I. Жалпы ережелер» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.»;
«II. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;»;
11) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) жаңа шақырылымды қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындайды;»;
28) және 28-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«28) мәслихаттар депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын бұзушылықтар анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;
28-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;»;
31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау алдындағы үгітті және сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
32) бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар берген сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
36) тармақша алып тасталсын;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихат депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға және аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;»;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) Президент, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және омырауға тағатын белгінің үлгісін, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;»;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) ақпараттық бюллетенді мезгіл-мезгіл жариялайды;»;
66) және 67) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«66) кандидаттарға сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін айқындайды;
67) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;»;
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«74) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу бойынша сайлау комиссияларына басшылық етеді;»;
мынадай мазмұндағы 91-1), 91-2), 91-3) және 91-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«91-1) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
91-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
91-3) сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
91-4) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
«III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру»;
«IV. Комиссияның мүлкі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Комиссияның мүлкі»;
«V. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы