О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 1996 года № 53
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 1996 года № 53
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 21.02.1996
- Көрсетілген редакция
- 21.02.1996 AI82851_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000224_
- ЭКБ идентификаторы
- 82851
- Редакция идентификаторы
- AI82851_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:25
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 желтоқсандағы № 2674 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үкiмет байланыстары бөлiмшелерi мен әскерлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң басқаруына беруге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысының 1-қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" атты 1-бөлiмде 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң:
"Құқық қорғау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар" деген 6-тармағындағы "19647650" саны "19408874" санымен, "2394190" саны "2155414" санымен алмастырылсын;
"Басқа да шығыстар" атты 10-тармақтағы "2052460" саны "2291236" санымен алмастырылсын.