Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 1999 года N 731

Қаулы · № 1278 · қабылданған 04.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-1999-n-731-ekb-13695/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 1999 года N 731 Күшін жойған Қаулы ·№ 1278 ·04.12.2002
28.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 1999 года N 731

Күшін жойған Қаулы ·№ 1278 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 1999 года N 731
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1278
Қабылданған күні
04.12.2002
Көрсетілген редакция
28.12.2007 AI13695_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001278_
ЭКБ идентификаторы
13695
Редакция идентификаторы
AI13695_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:41

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2007 N 1339 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1

1. "Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерге оның жұмыс iстейтiн орны бойынша тағайындалады және төленедi";
7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орташа айлық жалақысы" деген сөздер "заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысында болған кезiнде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшiн есептелмейдi. Егер қызметкердiң жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейiн де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кiрiсуге тиiстi күннен бастап есептеледі.";
9-тармақ "соғысы" деген сөз "соғысының қатысушыларына," деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "толық жалақысы мөлшерiнде, бiрақ айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерiнен артық емес мөлшерде" деген сөздер "заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктiлiгi және босануы бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтiзбелiк күн үшiн, ал босануы ауыр болғанда немесе екi және одан да көп бала туғанда 184 күнтiзбелiк күн үшiн төленедi";
22-тармақтағы "үш жасқа" деген сөздер "бiр жарым жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақта:
"орташа айлық жалақысы" деген сөздер "заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Маусымдық жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жұмыс алып iстейтiн қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса, осы нұсқаулыққа сәйкес тағайындалады және төленеді".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы