О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года N 146 "Об утверждении Инструкции по применению сотрудниками исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан специальных средств", зарегистрированный за N 1718
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года N 146 "Об утверждении Инструкции по применению сотрудниками исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан специальных средств", зарегистрированный за N 1718
- Атауы (қаз.)
- N 1718 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 26.08.2004
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2011 AI21280_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003063_
- ЭКБ идентификаторы
- 21280
- Редакция идентификаторы
- AI21280_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:45
0 N 1718 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, Бұйырамын:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 153 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 29 мамырда N 2877 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде N 1718 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетені" журналында жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 543-құжат) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:
8-тармақтың 3) тармақшасында "бұзақылық іс-әрекетке әкеп соқтырған" деген сөздер ", сондай-ақ түзеу мекемесінің қалыпты қызметіне іріткі салуға көрінеу бағытталған әрекеттер кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "қоғамдық тәртіпті" деген сөздер "түзеу мекемесінің қалыпты қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 4) тармақшасында "Арнайы құралдар болмаған жағдайда кез-келген қолда бар құралдар пайдаланылады" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың 6) тармақшасында "ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорға" деген сөздер "облыс және оған теңестірілген прокуратураларының ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорына" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта "жүкті" деген сөз алынып тасталсын;
18-тармақта "мойнынан" деген сөзден кейін "әдейі" деген сөзбен толықтырылсын.
2 2. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
бірінші орынбасары
_______________
27.08.2004 ж.