Құжат мәтініне өту

О некоторых мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 июля 2001 года N 654

Қаулы · № 1040 · қабылданған 07.08.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2001-n-654/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 июля 2001 года N 654 Қолданыста Қаулы ·№ 1040 ·07.08.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 июля 2001 года N 654

Қолданыста Қаулы ·№ 1040 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 июля 2001 года N 654
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1040
Қабылданған күні
07.08.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI9698_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001040_
ЭКБ идентификаторы
9698
Редакция идентификаторы
AI9698_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:37

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын таратуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жедел басқару құқығымен беруді қамтамасыз етсін.

2-1

2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын.
Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 P001942_қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің

2001.10.28 2001.10.28. N 1369 қаулысымен. P011369_

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 341-жолдағы "Бағалы қағаздар жөніндегі республикалық ұлттық комиссия" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

5

5. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1788 P991788_ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 515-құжат).

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы