Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1948

Бұйрық · № 167-I · қабылданған 19.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2002-n-240-i-n-1948-ekb-19761/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1948 Күшін жойған Бұйрық ·№ 167-I ·19.04.2004
03.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1948

Күшін жойған Бұйрық ·№ 167-I · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 1948
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1948 болып тiркелген 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 240-I бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167-I
Қабылданған күні
19.04.2004
Көрсетілген редакция
03.04.2012 AI19761_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002846_
ЭКБ идентификаторы
19761
Редакция идентификаторы
AI19761_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:11

0

"Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1948 болып тiркелген 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 240-I бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамының мемлекеттiк тiзiлiмiн тәртiпке келтiру мақсатында бұйырамын:

1

1. "Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 240-I бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1948 болып тiркелген, "Официальная газета" газетiнiң 2002 жылғы 31 тамыздағы N 35-шi нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiнде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдары үшiн мынадай тiркеу санаттары белгiленедi:

1 1) магистралдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);

2 2) кең жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);

3 3) тар жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда сорапта маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);

4 4) тар және кең жолтабанды магистралдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);

5 5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистралдық пен станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ);

6

6) жолдың жоғарғы құрылысын, жасанды құрылыстарды, түйiспе тораптың және энергиямен жабдықтаудың, байланыстың, сигнализацияның, орталықтандырудың және бұғаттаудың құрылғалары мен желiлерiн күтiп-баптау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол қатынасы торабында төтенше жағдайларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрам, соның iшiнде мотор-вагонды (ЖҚМВТО).";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жылжымалы құрамды пайдалануға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi."
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға және берiлген куәлiктердi қайтарып алуға байланысты даулар заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Тiркеушi орган, егер жылжымалы құрамға иелiк ету құқығына байланысты даулы ситуациялар туындаған жағдайда заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы берiлген куәлiктi сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Қ.C Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Е.Ж.Қошановқа жүктелсiн.

4 4. Бұйрық ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы