О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 41
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 41
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 867
- Қабылданған күні
- 18.08.2004
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2007 AI20976_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000867_
- ЭКБ идентификаторы
- 20976
- Редакция идентификаторы
- AI20976_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:47
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1
1. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) 1-тармақ "негiзiнде" деген сөздің алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары";
2 2) 2-тармақ "бекiтiлсiн" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес";
3 3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде:
G санаты тобында:
"G-1" санаты ", сауда өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
"G-2" санаты ", сауда өкiлiнiң орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
4 4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларының Схемасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы
N 867 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 41 қаулысына
23-қосымша
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларының Схемасы
___________________________________________________________________
Лауазымы | Лауазымдық жалақы
| АҚШ долларымен
_______________________________________|___________________________
Сауда өкілі 2700
Сауда өкілінің орынбасары 2500
Кеңесші 2250
Жоғарғы санат біліктілігінің жоғарғы
деңгейлі бухгалтері 1500
Бірінші санат біліктілігінің жоғарғы
деңгейлі маманы 1500
___________________________________________________________________