О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 июня 2002 года N 575 "Об утверждении Правил медицинского освидетельствования на выявление заражения вирусом иммунодефицита человека"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 июня 2002 года N 575 "Об утверждении Правил медицинского освидетельствования на выявление заражения вирусом иммунодефицита человека"
- Атауы (қаз.)
- "Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 648
- Қабылданған күні
- 26.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2010 AI31652_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004532_
- ЭКБ идентификаторы
- 31652
- Редакция идентификаторы
- AI31652_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:20
0 "Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
АҚТҚ жұқтырған адамдарды уақтылы анықтау іс-шараларын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1905 болып тіркелген, N 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы қыркүйек) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруды анықталуын медициналық куәландырудың ережесінде:
4-тараудың тақырыбында "клиникалық" деген сөзден кейін "және эпидемиологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 24)-26) тармақшалармен толықтырылсын;
"24) цитамегаловирустық, герпестік көз аурулары;
25) жыныстық қатынас жолдарымен берілетін инфекциялармен ауырғандар;
26) иммундық тапшылық жағдайы";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Басқа жағдайлар:
1) жүкті әйелдер есепке алынған кезде және 30 апталық мерзімде, сондай-ақ тексерілмеген жүкті әйелдердің перзетханаға түскенінде немесе жүктілікті жасанды түрде үзу алдында;
2) АҚТҚ жұқтырған аналардан туған балалар;
3) қан, оның компоненттері және басқа биологиялық материалдар рецепиенттері гемотранфузиядан соң 6 айдан кейін.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторы мен түзету мекемелеріне түсетіндер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша түскен кезде және 6 ай сайын тексеріледі.".
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
2007 жылғы 12 қаңтар