Қолданыстағы ред. 28.12.2002 (Редакция 14413_316570.kaz)

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 11 марта 2002 года № 180 от 28.12.2002 г. № 404 (Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңына сәйкес, және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту мәселесі бойынша облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысының 1 тармағының 19 тармақшасына мынадай толықтыру енгізілсін: мына абзацпен толықтырылсын:
«5-қосымшада 2000000 (екі миллион) деген сөздер, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) деген сөздермен ауыстырылсын»

1. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу 2002 жылға

Облыс әкімиятының 2002 жылғы
16-қаңтардағы № 137 қаулысымен
бекітілген № 5-косымша
Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы
ПАСПОРТЫ
Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды
көтермелеу 2002 жылға

1

1. Құны: 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.

2

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық тәртіпті қорғауға катысып, қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге үлес қосқан азаматтарды марапаттау тәртібін бекіту туралы» 2000 жылғы 12-тамыздағы № 1243 қаулысы, Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 -желтоқсандағы, IX сессиясының “2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы” шешімі, Облыс әкімінің 2002 жылғы 15- қаңтардағы № 117 «Облыс мәслихаты IX сессиясының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысы.

3

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
Облыстық бюджет.
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысып, қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге өз үлесін қосқан азаматтарды марапаттау.
5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене араласып, қылмыстың алдын-алуға, жолын кесуге өз үлесін қосқан азаматтарды марапаттауды уақытылы жүзеге асыру.
6.Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
реті
Бағда
Кіші
Бағдарламаның
Бағдарламаны (кіші
Іске
Жауапты
рлама
бағда
(кіші
бағдарламаны) іске асыру
Асыру м
орындаушы
рлама
бағдарламаның)
жөніндегі іс-шаралар
ерзімі
лар
коды
атауы
коды
1.
34.
00.
Қоғамдық
Қоғамдық тәртіпті
2002
Облыстық
тәртіпті
нығайтуға белсене
жыл
ішкі істер
қорғауға
араласып, қылмыстың
басқармасы
қатысқан
алдын-алу мен жолын
азаматтарды
кесуге өз үлесін қосқан
марапаттау.
азаматтарды ақшалай
марапаттауды
ұйымдастыру.
7. Бюджет бағдарламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Қоғамдық тәртіпті нығайтуға белсене араласып, қылмыстың алдын-алу, жолын кесу сияқты іс-шаралардың орындалуына өз үлесін қосқан азаматтарды марапаттау арқылы ел ішінде қылмыс пен заң бұзушылықтың етек алуын тежеу.