О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года № 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2002 года № 240-I "Об утверждении Правил регистрации железнодорожного подвижного состава в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 21.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2012 AI59511_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007038
- ЭКБ идентификаторы
- 59511
- Редакция идентификаторы
- AI59511_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:09
0 "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1948 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2002 жылғы 31 тамыздағы N 35 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу Ережесі:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
"4-1. Мемлекеттік тізілімге Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолдануына қатысы бар темір жол жылжымалы құрамы туралы қосымша мәліметтер енгізіледі.
Қосымша мәліметтер кедендік бажын төлеу туралы ақпаратты қамтиды.";
мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға берген жағдайда уәкілетті органды хабарлау, сонымен бірге жалға берушінің немесе жалға алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.";
мынадай мазмұндағы 24-1 тармағымен толықтырылсын:
"24-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын өзге Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін сатылған жағдайда сатушының немесе сатып алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынғаннан кейін Мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жатады.".