Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан"

Қаулы · № 663 · қабылданған 17.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2002-no-993-ekb-80780/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 663 ·17.06.2014
17.06.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 663 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
663
Қабылданған күні
17.06.2014
Көрсетілген редакция
17.06.2014 AI80780_0.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000663
ЭКБ идентификаторы
80780
Редакция идентификаторы
AI80780_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:24

0 "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде:
«Кеңсенің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-бөлімде:
10-1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;»;
11-тармақта:
29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жүйесін дамыту мен жетілдіру;
30) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
30-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету;»;
12-тармақта:
13) тармақша алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық пен мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде кұпиялылық режимі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы