О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 марта 2003 года N 13-п "Об утверждении Правил оформления разрешительных документов в области связи и регистрации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств" (зарегистрирован за N 2234)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 марта 2003 года N 13-п "Об утверждении Правил оформления разрешительных документов в области связи и регистрации радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств" (зарегистрирован за N 2234)
- Атауы (қаз.)
- "Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п (N 2234 тіркелген) бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181-П
- Қабылданған күні
- 30.08.2004
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2009 AI21278_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003068_
- ЭКБ идентификаторы
- 21278
- Редакция идентификаторы
- AI21278_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:44
0
"Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п (N 2234 тіркелген) бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Бұйырамын:
1
1. "Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п (N 2234 тіркелген) бұйрығына келесі өзгертулер енгізілсін:
2 және 3 тармақтағы "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті" сөздері "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі" сөздерімен ауыстырылсын;
Осы бұйрықпен бекітілген, байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу Ережесінде:
Ереженің мәтінінде "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті", "Комитет", "Комитеті" сөздері сәйкесінше "Байланыс саласындағы уәкілетті орган", "Байланыс саласындағы уәкілетті органмен", "Уәкілетті орган", "Уәкілетті органмен" сөздерімен ауыстырылсын;
Ереженің 7 тармағының екінші абзацында:
"жиырма" сөзі "елу" сөзімен ауыстырылсын;
"тағы да бір айға" сөздері "отыз күнге және төрт айға" сәйкесінше сөздерімен ауыстырылсын. Шекаралық мемлекеттермен радиожиіліктерді халықаралық келісу кезінде Уәкілетті орган өтініш берушіге өтінішін қарау уақыты созылатыны туралы хабарлама жазбаша түрде беріледі.";
18 тармақтағы "Комитеттің байланыс және ақпараттандыру жөніндегі облыстық басқармасының" сөздері "аумақтық органы" сөздерімен ауыстырылсын;
Ереженің мәтінінде:
"Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеттің", "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті", "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетімен" сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті органның", "Байланыс саласындағы уәкілетті органы", "Байланыс саласындағы уәкілетті органмен" сөздерімен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" сөздері алынып тасталынсын;
Ереженің 10, 16, 22, 23, 24, 25 және 26 қосымшаларындағы "ҚР ККМ БАК байланыс және ақпараттандыру жөніндегі аумақтық басқармалары" сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары" сөздерімен ауыстырылсын;
Ереженің 11 қосымшасындағы "Қазақстан Республикасының ККМ" сөздері алынып тасталынсын;
Ереженің 12, 18, 19, 20 және 21 қосымшаларындағы "облыстық байланыс және ақпараттандыру жөніндегі басқармасы" сөздері "аумақтық орган" сөздерімен ауыстырылсын;
Ереженің 15 қосымшасындағы "облыстық" және "Комитеттің" сөздері алынып тасталынсын;
Ереженің 22 және 23 қосымшасындағы "ҚР ККМ" сөздері алынып тасталынсын;
Ереженің 23 қосымшасындағы "БАК лауазымды тұлғаларының" сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары" сөздерімен ауыстырылсын.