О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 11 сентября 2003 года № 2072 "Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в медико-социальный центр для пенсионеров "Ульба"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 11 сентября 2003 года № 2072 "Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в медико-социальный центр для пенсионеров "Ульба"
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2406
- Қабылданған күні
- 23.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2009 26742_198208.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06VA000029
- ЭКБ идентификаторы
- 26742
- Редакция идентификаторы
- 26742_198208
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:53
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының
31 бабының
1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауын
орындау барысында, Өскемен қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" (тіркеу N 1403, "Рудный Алтай" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 150-151, "Дидар" газетінде 2003 жылғы 4 қазанда N 94 жарияланған қаулысына, Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 660 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен енгізілген өзгерістермен (тіркеу N 5-1-5, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 11 қазанда N 156, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 22 қарашада N 114 жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
7 тармақ зейнеткерлерге арналған "Үлбі" медициналық-әлеуметтік орталығына жолдама беру тәртібі жөніндегі Ереже келесі редакцияда оқылсын:
"Тегін жолдама алуға құқылы:
1) жалғыз басты немесе жалғыз тұратын қала кәсіпорындарымен байланыста жоқ, зейнетақы мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің 15 есе мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және мүгедектер;
2) аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары ата-анасының біреуінің ертіп жүруімен;
3) зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері".