О внесении изменений в постановление от 11 сентября 2003 года № 2072 "Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в медико-социальный центр для пенсионеров "Ульба"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление от 11 сентября 2003 года № 2072 "Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в медико-социальный центр для пенсионеров "Ульба"
- Атауы (қаз.)
- 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8852
- Қабылданған күні
- 12.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2009 AI40211_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VA000085
- ЭКБ идентификаторы
- 40211
- Редакция идентификаторы
- AI40211_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:18
0 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасы негізінде, 2006 жылғы 24 наурыздағы N 2713 "Үлбі" зейнеткерлерге арналған қалалық аумақтық дәрігерлік-әлеуметтік орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне қайта аталуы және Жарғыны жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулыға сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 2072 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1403 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 4 қазанда "Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде жарияланған қаулыға келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қаулының атауында, Ереже мен мәтіндегі "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығы" сөздері "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереже мәтініндегі "Халықты әлеуметтік қорғау басқармасы", "халықты әлеуметтік қорғау басқармасында", сөздері "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі", "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында" сөздерімен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы "15" саны "20" санына ауыстырылсын.