Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 11 августа 2003 года № 62-П "Об утверждении формы Паспорта земельного участка сельскохозяйственного назначения и Инструкции по составлению Паспорта"

Бұйрық · № 191-П · қабылданған 26.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2003-no-62/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 11 августа 2003 года № 62-П "Об утверждении формы Паспорта земельного участка сельскохозяйственного назначения и Инструкции по составлению Паспорта" Күшін жойған Бұйрық ·№ 191-П ·26.10.2009
17.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 11 августа 2003 года № 62-П "Об утверждении формы Паспорта земельного участка сельскохозяйственного назначения и Инструкции по составлению Паспорта"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 191-П · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 11 августа 2003 года № 62-П "Об утверждении формы Паспорта земельного участка сельскохозяйственного назначения и Инструкции по составлению Паспорта"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортының нысанын және Паспортты әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191-П
Қабылданған күні
26.10.2009
Көрсетілген редакция
17.04.2015 AI48749_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005859_
ЭКБ идентификаторы
48749
Редакция идентификаторы
AI48749_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:10

0 Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 62-Ө "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортының нысанын және Паспортты әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 62-Ө "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортының нысанын және Паспортты әзірлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2482 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың атауындағы "және Паспортты әзірлеу жөнiндегi нұсқаулықты" деген сөздер алынып тасталсын;
Бұйрықтың 1-тармағында:
"; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортын әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулық (осы бұйрыққа 2-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған Бұйрықтың 1-қосымшасында:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң Паспортында:
барлық мәтін бойынша "Төраға" сөзі "Бастық" сөзімен ауыстырылсын;
"Жалпы деректер" бөлімінде:
"құқығын куәландыратын құжат" деген сөздер "сәйкестендіру құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жер учаскесінің кадастрлық бағасы" бөлімінде:
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалай) құны" тарауында:
"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорт
______________________________________________________________жасалды
(орындаушы - ұйымның атауы)
және ______________ облысының _____________ аудандық жер ресурстарын
басқару жөніндегі комитеті "___"___________ 200 __ ж. берді." деген
жол келесі мазмұндағы:
"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты
____________________________________________________________________
(мамандандырылған республикалық мемлекеттік
____________________________________________________________ жасалды
кәсіпорынның атауы)
және ______________________________________________________________
облыстық (республикалық маңыздағы қаланың, астананың),
___________________________________________________________________
ауданның (облыстық маңыздағы қаланың)
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган "___" ________ 20 __ жылы
берді." жолымен ауыстырылсын.

2 2. Агенттіктің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаментінің мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасы осы Бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.

4 4. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы