О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета фармации, фармацевтической и медицинской промышленности Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 11 февраля 2004 года N 19 "Об утверждении Правил оптовой реализации лекарственных средств, медицинской техники и изделий медицинского назначения", зарегистрированный за N 2735
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета фармации, фармацевтической и медицинской промышленности Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 11 февраля 2004 года N 19 "Об утверждении Правил оптовой реализации лекарственных средств, медицинской техники и изделий медицинского назначения", зарегистрированный за N 2735
- Атауы (қаз.)
- "Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының N 2735 тіркелген 2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 27.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2009 AI20232_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002902_
- ЭКБ идентификаторы
- 20232
- Редакция идентификаторы
- AI20232_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:04
0
"Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының N 2735 тіркелген 2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дәріхана қоймаларында, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймаларында дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын реттеу мақсатында және "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1
1. Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2004 жылы 12 наурызда N 2735 тіркелген, 2004 жылы 30 ақпанда N 18 "Ресми газет" газетінде жарияланған), 2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережеcіне:
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
12-тармақтың 4) тармақшасында "бар" деген сөзден кейін ", мемлекеттік сатып алуды жүргізуші бюджеттік бағдарлама әкімшілерін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"17. Дәрілік заттарды дәріхана қоймаларында, медициналық техника және медицинаға арналған бұйымдар қоймаларында сатқанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолдама құжаттар жазылады.";
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18. Жолдама құжаттар дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер басшысының немесе ол өкілдік берген адамның қолымен, бас бухгалтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды берген адамның қолымен куәландырылады. Жолдама құжаттарын түзетуге тиым салынады.";
19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"19. Дәрілік заттарды сатқанда жолдама құжатта көрсетілген әр дәрілік заттың атауына және сериясына сәйкестік сертификаттың нөмірі және оның жарамды мерзімі көрсетіледі.";
20, 23-тармақтар алынып тасталсын.