О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2004 года № 1188
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2004 года № 1188
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 477
- Қабылданған күні
- 26.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2015 AI52730_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000477_
- ЭКБ идентификаторы
- 52730
- Редакция идентификаторы
- AI52730_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:06
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
13.1-тармақта:
«тасымалдаудың маусымдылығына» деген сөздерден кейін «және поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«поездардың құрамдылығына» деген сөздерден кейін «және қатынау кезеңділігіне» деген сөздермен толықтырылсын.