О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 февраля 2005 года № 112 "Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, форм (образцов) и описания зерновых расписок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 февраля 2005 года № 112 "Об утверждении Правил выдачи, обращения и погашения зерновых расписок, форм (образцов) и описания зерновых расписок"
- Атауы (қаз.)
- "Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 462
- Қабылданған күні
- 22.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2012 AI54176_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006410_
- ЭКБ идентификаторы
- 54176
- Редакция идентификаторы
- AI54176_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:44
0 "Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12) және 15) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы тамызда, № 17, 137-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспеде «11)» деген сан «12)» деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
7-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Астық қолхаттарының тізілімі журнал нысаны бойынша қағаз тасығышта жасалады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті аумақтық бөлімшесінің астық инспекторымен нөмірленуі, тігілуі, қол қойылуы және мөрленуі (күні көрсетілуімен) тиісті.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2 тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Астық қабылдау кәсіпорны техникалық жарақтандыру бар болған жағдайда қосымша астық қолхаттарының тізілімін электронды түрде жүргізеді, бұл ретте астық қолхаттарының тізілімін міндетті түрде қағаз тасығышта жүргізу жоққа шығарылмайды.
10-2. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу кезінде, астық қолхаттарының тізілімі астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде көзделген тәртіпте беріледі.».