О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 апреля 2005 года № 287 "Об утверждении Правил предоствления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 апреля 2005 года № 287 "Об утверждении Правил предоствления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 755
- Қабылданған күні
- 14.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 34233_214775.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SA000077
- ЭКБ идентификаторы
- 34233
- Редакция идентификаторы
- 34233_214775
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:31
0 Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" №
287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізілсін (2005 жылғы 10 мамырдағы м/т N 13-1-6) қала әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі қала әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы N 583 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (м/т N 13-1-41, 2006 жылғы 22 маусымдағы "Проспект СК" газетінің N 22), қала әкімдігінің 2007 жылғы 5 наурыздағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 276 қаулысымен (м/т N 13-1-65, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Проспект СК" газетінің N 16, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 16) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе сөздегі "Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының "2005 жылғы арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы" N 2 шешімі негізінде ( 2005 ж. 19.01. мемлекеттік тіркеу N 1447; 2005 ж. 28.01. "Добрый вечер" газеті) алынып тасталсын;
2 тармақ алынып тасталсын;
3 тармақтағы "Петропавл қаласының қаржы бөліміне (Г.И. Дорофеева)" сөздері "Петропавл қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" сөздерімен ауыстырылсын;
4 тармақтағы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.Н. Кушталова)" сөздері "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру ережелеріндегі:
3 тармақтағы "білім бөлімдерінің" сөздері "Петропавл қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің" сөздерімен ауыстырылсын; "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" сөздері "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын; "көші- қон және демография басқармасы" сөздері "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің" әлеуметтік сала бөлімі" сөздерімен ауыстырылсын;
4 тармақтың 2) тармақшасындағы "нотариалдық растандырылған" сөздері алынып тасталсын;
4 тармақтың 5) тармақшасындағы "нотариалдық куәландырылған" сөздері алынып тасталсын;
4 тармақтың 6) тармақшасындағы "нотариалдық куәландырылған" сөздері алынып тасталсын;
18 тармақ алынып тасталсын.