О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2005 года № 829
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2005 года № 829
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 690
- Қабылданған күні
- 10.08.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2013 AI34646_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000690_
- ЭКБ идентификаторы
- 34646
- Редакция идентификаторы
- AI34646_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:09
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. "Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 829 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 441-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 8-1, 15-1-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін куәландыруды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.
15-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін сыныптауды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.";
16, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Теңіз кемесіне сынып беру теңіз кемесі конструкциясының халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкестігін растауды білдіреді.
20. Егер теңіз кемесінің конструкциясы халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда осы теңіз кемесіне сынып берілмейді.".