О внесении изменений в постановление акимата от 11 апреля 2006 года № 118 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, а так же цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 11 апреля 2006 года № 118 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, а так же цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 118 «Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 30.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2008 40642_289174.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NG000078
- ЭКБ идентификаторы
- 40642
- Редакция идентификаторы
- 40642_289174
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:12
0 Әкімдіктің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 118 «Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 118 «Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына (тіркеу нөмірі 9-7-35, «Әулиекөл» газетінде 2006 жылғы 27 сәуірде жарияланған) өзгерістер енгізілсін, 1-тармақ жаңа редакциясында жазылсын:
«80 пайызға азайту жолымен, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда, нормативтік карточкада келтірілген өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын есептерді түзетуі белгіленсін».