О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года N 1973 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года N 1973 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1973 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1521
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2012 41848_203947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000139
- ЭКБ идентификаторы
- 41848
- Редакция идентификаторы
- 41848_203947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1973
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының»"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің»"18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау"»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы"»2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1973 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-98,»"Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында,»"Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті бағасынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға.";
16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"16.Қызмет көрсету тәсілі - жеке баруы. Ата-анасының, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының бірі бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде ата-аналар, қамқоршылар немесе қорғаншылар жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен басқа тұлғалар жүгінуін уәкілетті етуге құқылы."
Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетпеу) туралы хабарлама поштамен жіберіледі немесе Казахстанская правда көшесі, 35 мекенжайы бойынша:»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесі N 31, N 19 кабинеттерге өзі барады."
18 тармақтың 3)тармақшасындағы»тоқсан сайын»сөздері»ай сайын» сөздерімен ауыстырылсын.