О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1966 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обслуживание в государственных медико-социальных учреждениях для престарелых и инвалидов общего типа" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1966 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на социальное обслуживание в государственных медико-социальных учреждениях для престарелых и инвалидов общего типа" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1514
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2012 41806_203915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000129
- ЭКБ идентификаторы
- 41806
- Редакция идентификаторы
- 41806_203915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік
мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1966
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің»"Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1966 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-90, "Проспект СК"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5-6 сандары, "Қызылжар нұры"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін:
12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке куәлік;
3) салық төлеушінің тіркелу нөмірі берілгені туралы куәлік;
4) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
5) медициналық карта;
6) амбулаторлық картаның көшірмесі;
7) зейнеткерлік куәлік (зейнеткер жастағы тұлғалар үшін);
8) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғалар мәртебесін растайтын куәлігі (Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген тұлғалар үшін);
мүгедектер үшін қосымша:
9) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған үзінді көшірмесі;
10) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзінді көшірмесі;
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін (жұманы қоса) сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй, № 10, № 11, № 12, телефондары: 34-45-70, 31-11-27."